Новости КАЗГЮУ

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ

Кембридж ғалымдары жеті жасар баланың бойында басты ақшаға қатысты әдеттер мен дағдылар қалыптастыруға болатынын дәлелдеді . Мәселен,
• маңызды сауда үшін қаражат жинай білу,
• шығынды алдын-ала жоспарлау қажеттігін түсіну,
• «кейінге қалдырылған сыйақы» пайдасын ұғыну.
Сондықтан ересектердің міндеті - балаларға неғұрлым ертерек ақшаның не үшін қажеттігін,қалай жұмыс жасайтындығын ұғындыру.

Қаржылық әдеттерді қалыптастыру бойынша бизнес-жаттықтырушы Рашид Жанар Үсенқызының кейбір кеңестері :

✅Балаларға коммуналдық төлемдерді төлетіп үйретіңіз.
✅Супермаркет кассасында бірге төлем жасаңыз
✅Бірлесіп онлайн сауда жасаңыз
✅Үлкен саяхатқа қаржы жинаңыз
✅Қайырымдылықпен бірлесіп айналысыңыз не инвестиция жасаңыз!Кез келген нәрсе жасауға болады!Бастысы, ақша саласы тек ересектерге керекті, «жалықтыратын» , «тыйым салынған» сала болмаса болды.Баланы үрдіске белсенді түрде қосқанда,оның көп нәрсені игеретіндігіне таң қаласыз.
рус