Новости КАЗГЮУ

2023-жылдың 27-сәуірінде 7«А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Кеңес Одағының Батыры – Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейінде экскурсия-сабағы өтті.

💡Сабақтың негізгі мақсаты: Ұлы Отан соғысының батырларын дәріптеу арқылы оқушыларды патриоттыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке шақыру, елжандылыққа баулу.

Бұл сабақта оқушылар Ақтөбе облысынан шыққан Кеңес Одағының батыры, қазақтың қос шынарының бірі, халық қаһарманы, мерген қыз – Әлия Молдағұлованың өмірбаянымен танысып, тарихына үңілді. Оқушылар Әлияға арналған өлең жолдарын оқып, бейбітшіліктің символы «Ақ көгершін» әнін хормен шырқап, «Әлияның соңғы хаты» көрінісін қойды. Сабақ соңында оқушылар экскурсиядан алған өз әсерлерімен бөлісті.
рус