Новости КАЗГЮУ

Биылғы оқу жылында елімізде мектептердегі тәрбие берудің бірыңғай бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бұл ретте бастауыш сыныптар мұғалімі Исмаилова Ардақ Қапарқызы - Абай Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Мағжан Жұмабаев, Спандияр Көбеев, Міржақып Дулатов секілді тұлғаларға арналған тәрбие сағаттарын тұрақты өткізетін шебер ұстаз. «Өлең сөздің патшасы, сөз – сарасы» демекші, поэзиялық шығармаларды оқу жас ұрпақ бойында дүниетаным қалыптастырып, оларға өмірлік құндылықтарының өзекті бағыт-бағдарларын анықтауға мүмкіндік тудырады.

Мұқағали Мақатаев поэзиясы – туған жерге деген махаббатқа тұнған жыр әлемі. 3 сынып оқушылары оның Отан туралы туындыларын оқи отырып, өздері де осы сезім құшағына еніп, ақынның елі мен жеріне деген махаббатын бірге сезінеді:
«Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе,
Отанның сен не екенін?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан - мекенің!

Мәнерлеп оқыған:
Рысберген Нұрали,Маханов Нұрислам,Бекболатова Самила,Степочкин Артем. Сланов Ахмед. Алексеенко Георгий, Зауалхан Нұрбол
(3 “Б”-сынып)
рус