Новости КАЗГЮУ

31 мамыр күні KAZGUU School мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті.

Спикер: Сүгірбаева Зәуреш Зайнулловна, сарапшы-ұстаз, Ақтөбе қаласындағы KAZGUU School мектебінің ғылыми-әдістемелік жұмыс департаментінің басшысы

🔎 Семинар барысында орыс тілі және әдебиеті сабақтарындағы мәтіндерге талдау жасалып,тарихи және мәдени контекст аясында мәтіндерді талдау және интерпретациялау дағдыларын қалыптастыру маңыздылығы туралы мәселе көтерілді.

Әдеби білім негізінде мәтіннен түрлі көзқарасты таба отырып, айқын және жасырын мәнді ұғыну - мәтінмен жұмыс жасаудағы негізгі міндеттердің бірі.

Педагогтер мәтінмен жұмыс жасаудың түрлі әдістерімен,мәтін арқылы аргумент келтіру дағдысын дамытатын сыни ойлау стратегияларымен, шынайы және концептуалды ақпаратты ажырата алудағы тәжірибелерімен бөлісті.
рус