Новости КАЗГЮУ

Биылғы оқу жылында біздің мектепте алғаш рет ең кішкентай шәкірттеріміз үшін «Алақай» қазақ қуыршақ театры өз жұмысын бастады.

Бұл игі істің мақсаттары: әсем де қызықты ертегілер әлеміне саяхат жасау, өнерге деген құштарлықтарын арттыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінде дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, тілді меңгеруге деген ұмтылыстарын қолдау, сөздік қорларын байыту, мәнерлеп оқуға үйрету болмақ.

Театрдың сахнасының шымылдығын оның алғашқы қойылымдары «Мақта қыз бен мысық» және «Бауырсақ» ашты. Бұл қойылымдарға біздің оқушылар жан-жақты дайындалып, өз қолдарымен арнайы қуыршақтар әзірледі, сахна мен оның безендірілуін жүзеге асырды.
Ендеше, театрымыздың алғашқы қадамы сәтті болып, жұмысы жалғаса берсін!
рус