Шараға жиналған оқушылар қазақтың әдемі ұлттық киімдерін киіп, әсем әндерінен шашу шашты. Барлық сыныптар ән байқауына тыңғылықты дайындықпен келген. Ән додасында «Құтты болсын Әз-Наурыз», «Көктем келді», «Наурыз-көктем». «Жау, жау жаңбыр» әндері шырқалды.
«Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай» деп кезінде этнограф Григорий Потанин айтқандай, оқушылар хормен ән шырқағанда ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ қазақ даласы көзге елестеп, еркелей соққан самал жел соққандай сезілді.