Новости КАЗГЮУ

Құрметті әріптестер, ата-аналар және мектебіміздің достары!



Келіп жеткен 2022 жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз!
 Жаңа жыл – өткен жылға есеп беріп, келесі жылға мақсат, жоспарлар айқындар кезең.
 Өткен жарқын, белсенді, қиын, оқиғаларға, жаңа таныстықтарға толы жыл бойы біз бірге болдық. Ойға алған жоспарлардың басым бөлігі орындалды. Біздің жетістіктеріміздің негізінде  барша мектеп ұжымының, оқушылардың және олардың ата-аналарының мақсатқа ұмтылғыштығы, еңбексүйгіштігі, жауапкершілігі және жоғары кәсібилік қабілеттері жатыр.  
Құрметті әріптестер, Сіздерге еңбектеріңіз, жоғары кәсібилілігіңіз, балаларға деген ыстық ықыластарыңыз, өз қызметтеріңізге, мектебімізге адалдығыңыз  үшін алғыс айтамыз!
Құрметті ата-аналар! Бізбен ынтымақтастық орнатқандарыңыз үшін рахмет айтамыз, өйткені осынау құбылмалы уақытта біз тек жұмыла отырып қана ең батыл,күрделі міндеттерді бірлесіп шеше аламыз. Сенімдеріңіз, қолдауларыңыз, отбасы-мектеп байланысын түсінетіндіктеріңіз үшін көп рахмет!

Құрметті оқушылар! Мектеп қабырғасында өткізген әр жылдарыңыз қызықты, жемісті болсын! Біз Сіздердің білімді, жан-жақты дамыған тұлға болуға барынша ұмтылатындықтарыңызға сенеміз! Ұлы еліміздің болашағының тізгіні Сіздердің қолдарыңызда екені хақ.

 Құрметті достар!  Жаңа Жыл жақсылыққа, бейбіт өмірге, құт-берекеге деген сеніммен енсін, бақыт,жақсы энергия, оптимизм, тамаша көңіл-күй ала келсін!

Жаңа Жылда жаманшылық болмай,  жанды жадыратар жаңалықтар  көп болсын! Игілігі мол жыл болсын!

Сіздің KAZGUU SCHOOL

каз