Біздің бастауыш мектеп баланың жаңа ортаға жайлы бейімделуіне, тұлғааралық қатынастар жүйесін реттеуге (оқушылар, мүғалімдер,ата-аналар) көмектеседі, оқуға қажетті зейінділікке, тұрақтылыққа, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.
Бастауыш мектеп
Балаларға қуаныш – ата-аналарға сенімділік!
Түрлі байқауларға, көрмелерге,олимпиадаларға қатысу, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік – біздің оқытуымыздың басты бағдарлары.
Мазмұнды оқу күні (8.30-дан 18.00-ге дейін) тек қана сабақтардан тұрмайды: түскі ас пен серуен, аздаған демалыстан соң, үйірмелер мен спорттық секциялардың жұмысы басталады.Оқытуға деген заманауи көзқарас, ағылшын тіліне баса мән беру, қызықты жобаларды жүзеге асыру.Мектебімізде әрбір бала мен ата-анаға оқыту үрдісіндегі оқушылардың қалыпты дамуына жауап беретін психолог пен логопед қолдауы көрсетіледі.

Оқушыларды не күтеді?
Орта мектеп – жеке потенциалдың, қабілеттерді дамытудың, өз зейінін шоғырландыра білудің, сезіміне жауап бере біліп, өзін-өзі қадағалаудың артатын базалық кезеңі. Дәл осы кезең адамның өз әрекеттеріне жауап бере алатын саналы жасқа өтетіндігімен маңызды.Сезім тұрақтылығы, ұжымда жұмыс жасай білу,адамдармен қарым-қатынас орната білу, тұлғалық даму мен даму жолдарын түсіне алуы «QAZGUU school» орта мектебінде оқу барысында өзіне деген сенімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Орта мектеп
Қызығушылықтарды анықтау
«QAZGUU school» жетістік құпияларына ие. Ал оны біздің мектеп қабырғасында оқи жүріп ашуға болады.
Жоғарғы мектепке өту – лайықты білімнен жоғары оқу орны мен болашақ қызмет сатысын таңдауға өтер маңызды кезең.

Жоғарғы мектеп
энергия мен дұрыс жігерлендіруді арттырады
Бұл кезеңде қалыптасатыны:
- Мамандық туралы нақты түсінік;
- Өмірдің қаржылық қыры;
- Болашақ мамандықты, ЖОО-ны рационалды түрде таңдау, ұзақ мерзімді жоспарлау.

«QAZGUU school» түлегі– жеке-дара тұлға,айқын моральдық құндылықтары бар, жоғары коммуникативтік қабілеті бар және өзгермелі қоғамға бейімделе біледі.
Ағылшын тілі кафедрасы бөлімшелер:

• Ағылшын тілін тереңдетіп оқыту
• Ана тілінде сөйлейтіндермен сөйлесу курстары
• Мектеп қызметкерлері мен мұғалімдеріне арналған ағылшын тілі
• IELTS-ке дайындық
Кафедраның және бөлімшелердің қызметі мұнда:
-БҰҰ үлгісі -Ағылшын тілі апталығы
- Кіріктірілген сабақтар
Жыл сайынғы Speak Spoken English байқауы

«QAZGUU school» - Cambridge exams дайындау орталығы:

  • YLE, KET, PET, FCE;

  • IELTS-ке дайындау.
Ағылшын тілі
оставить заявку
Сұрақтарыңыз бар ма?