QAZGUU School-дың негізгі анықтамалары
Мектеп миссиясы:

Біз жылдам өзгеретін әлемде өзін-өзі жүзеге асыруға және әлеуметтік бейімделуге дайын ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы және қауіпсіз орта жасаймыз.

Жоғары сапалы білім беру – бұл оқытушылар мен студенттер арасындағы қалыптасқан қолайлы орта ахуалындағы тұрақты әріптестік пен дамуға негізделген үдеріс.


Көрініс
QAZGUU SCHOOL түлегі:

Жоғары академиялық білімге ие;
Ағылшын тілін жетік біледі (IELTS 6.0)
Шынайы көшбасшы, "soft skills" дағдыларын меңгерген;
Меңгерілген дағдыларды тез өзгермелі әлем шеңберінде табысты қолдана біледі
QAZGUU School педагогтары – бұл өздерінің оқыту әдістерін ұдайы жетілдіріп, жаңашыл технологияларды тәжірибеге кіріктіре алатын тәжірибелі және өз ісіне құзыретті мамандар.


QAZGUU School құндылықтары:

●Оқушы мен мұғалім тұлғасы
●Инновация
●Қозғалыс
●Бірлік
●Даму
●Қоғамға қызмет ету
●Шығармашылық
●Тәрбиелілік
●Жауапкершілік
Оқушы келбеті (профилі)

●Ойлай білетін
●Жинақты
●Сыни ойлай алатын
●Көп тілді меңгерген
●АКТ құзыретті
●Тіл табысқыш
●Жаһандық азамат (жанашыр)
●Тиімді
●Танымпаз
●Принципті
Жаһандық азаматтық - бұл әлемдік проблемаларды түсіне білу, оларды шешу және әлемдік қауымдастықтың қалыпты дамуы жолында ынтымақтастық, адам құқығын сақтау,жауапкершілік пен мәдениетаралық түсіністік негізінде белсенді әрекет жасай білу
Цифрлық азаматтылық – бұл қазіргі қоғам шеңберінде сандық (цифрлық) технологиялар мен коммуникацияларды тиімді қолдану үшін қажетті құзіреттіліктер мен білімдердің жиынтығы. Ол сандық (цифрлық) әлемде тиімді түрдегі өзара әрекеттесуге, технологияларды пайдалануда саналы таңдаулар жасауға, желіде жұмыс жасау барысында өзінің жеке басы мен өз ақпараттарын қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.