ЖШС "Мектеп-гимназия және КазГЮУ колледжі" –не оқуға қабылдау ережесі(әрі қарай KAZGUU SCHOOL)
1.Жалпы ереже

1.1.ЖШС "Мектеп-гимназия және КазГЮУ кооледжі"-не оқуға қабылдау білім мекемесіне оқуға қабылдаудың типтік ережелері негізінде,жалпы білім беретін оқу бағдарламасының бастауыш,негізгі орта және жалпы орта білім беруді жүзеге асыратын,Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2018жылғы 27шілдесіндегі бекітілген №564 бұйрығымен жүзеге асырылады.

1.2.KAZGUU SCHOOL оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР 2007ж 27шілдесіндегі "Білім туралы" заңы, 2013ж 15 сәуірдегі "Мемлекеттік қызметтер туралы" басқа да заңдарына,негізгі ережелеріне және құқықтық-нормативтік актілеріне,білім беру ұйымының академиялық жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

1.3.Оқушыны есепке алу KAZGUU SCHOOL атқарушы директорының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

1.4.Оқушыны KAZGUU SCHOOL мектебіне қабылдау барысында атқарушы директор ата-анамен немесе баланың басқа да заңды өкілдерімен білім беру қызметінің көрсетілуіне байланысты келісімшарт жасасады.

1.5.KAZGUU мектебіне оқуға қабылдауда жынысына,нәсіліне,тіліне,ұлтына,шығу тегіне,дінге деген көзқарасына,наным-сеніміне,әлеуметтік жағдайына қарамастан,білім алуға құқығы бар барлық азаматтар қабылданады.

1.6.Қабылдау және есепке алу төмендегілер бойынша жүзеге асырылады

Сәйкес сыныпта бос орын болған жағдайда

Ата-анамен жүргізілген әңгімеден соң

Қабылдау емтиханының нәтижесі бойынша

Білім беру қызметінің көрсетілуі келісімшартына сәйкес


2.KAZGUU SCHOOL оқуға қабылдау тәртібі

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету "электронды үкімет" веб-порталы арқылы (әрі қарай-портал) және KAZGUU SCHOOL ге қағаз түрінде әкелген кезде жүзеге асады.


2.1.1(бірінші) сыныпқа оқуға қабылдау тәртібі

2.1. KAZGUU SCHOOL-ге оқушыны қабылдау ата-анасының немесе баланың басқа да заңды өкілінің арызы негізінде жүзеге асады.

2.1.2 KAZGUU SCHOOL бірінші сыныпқа қабылдауды алты жасқа толған немесе ағымдағы жылда алтыға толатын балаларды қабылдау бойынша жүзеге асырады.

2.1.3 Мекепке қабылдамас бұрын (1- сыныптар) тестілеу өткізіледі.Болашақ

1 –сынып оқушыларын тестілеуден өткізу бұл,оқушы мен мұғалімнің өзара танысуы, педагогтің оқушының осыған дейін алған білімі және болашақ оқу бағдарламасын меңгерте білуі үшін қажет.Және де барлық қабылданушы оқушы психологтің қабылдануынан өтеді.Тестілеу және психолог қабылдауы қолданыстағы бала құқығы туралы заңдарға сәйкес жүргізіледі.Оқушыны мектепке қабылдау туралы шешім тестілеу нәтижесінен және оқушы және ата-анамен әңгімелесуден соң,атқарушы директордың қатысуымен қабылданады.

2.1. 4 Ата-анадан және баланың басқа да заңды өкілінен 1-сыныпқа түсу жөніндегі қағаз түріндегі құжаттарды қабылдау,ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 28тамызына дейін,портал арқылы ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1тамызына дейін қабылданады.

2.1. 5 KAZGUU SCHOOL қағаз түріндегі құжатты әкелген соң,оқу бөлімінің маманы құжаттарды тіркей отыра білім беру қызметі көрсетілуі жайлы келісімшарт жасайды және бір жұмыс күнінің ішінде баланың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қабылдануы жайлы қолхат немесе мотивациялық бас тарту үлгісі беріледі.

2.1. 6 Портал арқылы "жеке кабинетке" жүгінген жағдайда,1 жұмыс күнінің ішінде ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап баланы KAZGUU SCHOOL есепке алу жөнінде электронды құжат түрінде KAZGUU SCHOOL уәкілетті өкілімен электронды қолтаңба қойылған (әрі қарай -ЭЦҚ) хабарлама немесе мотивациялық бас тарту келіп түседі.

2.1. 7 1-сыныпқа қабылдау туралы бұйрық KAZGUU SCHOOL атқарушы директорының шешімімен ағымдағы жылдың 25 тамызынан ерте және 1 қыркүйегінен кеш емес болып бекітіледі.

2.1. 8 Мемлекеттік ұйымдарға қатысты шектеу шаралары,төтенше жағдайдың енгізілуі,төтенше жағдай енгізілу қаупі,көрсетілген аймақтағы табиғи және техногендік негіздегі төтенше жағдайлар кезінде 1-сыныпқа қабылдау шарасы ағымдағы жылдың 20 тамызынан кешіктірілмей жүргізіледі.

2.1. 9 Оқушыны қабылдау барысында "Білім беру қызметінің көрсетілуі келісімшартына" баланың ата-анасымен немесе басқа да заңды өкілдерімен қатысуымен, Бас директор немесе сенімді тұлға қол қояды.

Мектепке оқуға қабылдау барысында баланың ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері KAZGUU SCHOOL-ға көрсетілген тізімдегі құжаттарды ұсынады.

ҚР азаматтарына арналған керекті құжаттар:

1)мектепке қабылдау туралы арыз

2)ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдің жеке құжаты

3)Баланың туу туралы куәлігі,ЖСН

4)денсаулық жағдайы туралы анықтама

№063/y және 026/y-3 үлгісі

5)Баланың 3х 4 көлемдегі суреті,2дана

Бейрезиденттерге арналған керек құжаттар тізімі:

1)шетелдік-Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат қағазы

2)азаматтығы жоқ тұлға-азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі

3)босқын-босқынның жеке куәлігі

4)мәжбүр босқын –мәжбүр босқынның куәлігі

5)қандас-қандастың куәлігі

3.1.2(екінші),3(үшінші),4(төртінші),5(бесінші),6(алтыншы),7(жетінші),8(сегізінші),9(тоғызыншы) сыныптарға оқушыларды қабылдау туралы

3.1 1 .Оқушыны KAZGUU SCHOOL қабылдау оқушының ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің арызы негізінде жүзеге асады.

3.1. 2. Оқуға қабылдамас бұрын (5-9-сыныптарда) ағылшын тілі және математика бойынша тестілеу,орыс тілі бойынша эссе жүргізіледі.Тестілеу оқуға қабылданушының білім деңгейін анықтау және қажет сыныпқа және қажет топқа (ағылшын тілін қаншалықты меңгеру деңгейіне )орналастыру үшін өткізіледі.Және де барлық оқуға қабылданушы психологтің қабылдауында болады.Оқушыны қабылдау туралы шешім тестілеу нәтижесінің қорытындысы негізінде және оқушы мен ата-анамен өткен әңгімелесуден кейін атқарушы директордың шешімімен қабылданады.

3.1. 3 . 5-9-сыныптарға оқуға қабылдау және ата-ана және басқа да заңды өкілдер тарапынан қағаз түріндегі құжаттарды қабылдау ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

3.1.4. Басқа мектептен ауысып келу жағдайында ата-ана немесе басқа да заңды өкіл,оқушының тегі,аты-жөні,әкесінің аты(болған жағдайда),туған жылы,сыныбы,оқыту тілі,мектебі(электронды поштасы,телефоны,электронды мекен-жайы) көрсетілген тіркеуден шығару талонын қағаз түріндегі құжат түрінде ұсыну керек.Және де оқушының үлгерімі жөніндегі құжат(табель немесе электронды журналдағы үлгерім көрсеткіші) та ұсынылады.

3.1.5 KAZGUU SCHOOL оқушының келгендігі жөнінде тіркеу талонын оқушы шығып жатқан орта білім беру мекемесіне,оқушы жеке құжаттарын ала алуы үшін ұсынады.(оқушынының жеке іс қағазы)

3.1.6 KAZGUU SCHOOL оқушыны орта білім беру мекемесіне есепке алу/шығару жөніндегі бұйрықты салыстыра отырып тексереді және жариялайды.

3.1.7 Оқушыны қабылдау барысында "Білім беру қызметінің көрсетілу келісімшартына" оқуға қабылданушының ата-анасы немесе заңды өкілдің қатысуымен Бас Директор немесе заңды тұлға қол қояды.

3.1.8 Ата-ана немесе басқа да заңды өкілдің тарапынан ұсынылған толық емес немесе мерзімі өткен құжаттар болған жағдайда,күмән тудыратын құжаттар ретінде танылып KAZGUU SCHOOL өз тарапынан құжаттарды қабылдамауға құқылы.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты негізінде веб-портал арқылы арыз беру:

"Бастауыш,негізгі орта,жалпы орта білім беру ұйымдарының арасындағы ауысу бойынша құжаттарды қабылдау"

Портал арқылы жеке кабинетке жүгінген жағдайда қызмет алушыға оқу,а қабылданушының бір білім беру мекемесінен екінші бір мекемеге ауысуы туралы хабарлама келіп түседі:

Тегі,аты-жөні,әкесінің аты(бар болған жағдайда),туған жылы,сыныбы,оқыту тілі және мектебі(телефоны,пошта мекен-жайы)(заңды интернет ресурсы)уәкілетті өкілдің электронды цифрлы қолтаңбасы қойылған(ЭЦҚ)және бас тартудың себебі көрсетілген мотивациялық құжат

Қызмет алушыдан қағаз түріндегі құжатты қабылдау барысында қызмет беруші оқуға қабылданушыға шығысты тіркеу талоны мекемеге келуді тіркеу үшін мыналарды көрсете отырып беріледі:

Тегі,аты-жөні,әкесінің аты,(бар болған жағдайда),туған жылы,сыныбы,оқыту тілі(телефоны,пошта мекен-жайы,электронды мекен-жайы(заңды интернет ресурсы) немесе мотивациялық бас тарту құжаты

4.1 10(оныншы),11(он бірінші) сыныпқа оқуға қабылдау туралы

"Бастауыш,негізгі орта,жалпы орта білім беру ұйымдарының арасындағы оқушының ауысуы бойынша құжаттарды қабылдаудың портал арқылы немесе қағаз түріндегі жүзеге асырылуы

4.1.1 Оқушыны KAZGUU SCHOOL қабылдау оқушының ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің арызы негізінде жүзеге асады.

4.1.2 Оқуға қабылдамас бұрын (10-11-сыныптарда) ағылшын тілі және математика бойынша тестілеу,орыс тілі бойынша эссе жүргізіледі.Тестілеу оқуға қабылданушының білім деңгейін анықтау және қажет сыныпқа және қажет топқа (ағылшын тілін қаншалықты меңгеру деңгейіне байланысты )орналастыру үшін өткізіледі.Және де барлық оқуға қабылданушы психологтің қабылдауында болады.Оқушыны қабылдау туралы шешім тестілеу нәтижесінің қорытындысы негізінде және оқушы мен ата-анамен өткен әңгімелесуден кейін атқарушы директордың шешімімен қабылданады.

4.1.3 Оқуға қабылдау(10-11-сыныптарға) және ата-ана және басқа да заңды өкілдер тарапынан қағаз түріндегі құжаттарды қабылдау ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде жүзеге асырылады

4.1.4 Басқа мектептен ауысып келген жағдайда(ағымдағы оқу жылында)ата-ана немесе басқа да заңды өкіл

Тегі,аты-жөні,әкесінің аты (бар болған жағдайда)туған жылы,сыныбы,оқыту тілі,мектебі(поштасы,телефоны,электронды мекен-жайы)(заңды интернет ресурсы) көрсетілген есептен шығару туралы талонын қағаз түрінде ұсынады.Және де оқушының үлгерімі туралы табельдің көшірмесі (электронды журналдағы үлгерім көрсеткіші)оқушы ағымдағы жылда белгіленген оқу ұйымына ауысып келетін болса,ұсынылады.

4.1.5 KAZGUU SCHOOL оқушының келгендігі жөнінде тіркеу талонын оқушы шығып жатқан орта білім беру мекемесіне,оқушы жеке құжаттарын ала алуы үшін ұсынады.(оқушынының жеке іс қағазы)

4.1.6 KAZGUU SCHOOL оқушыны орта білім беру мекемесіне есепке алу/шығару жөніндегі бұйрықты салыстыра отырып тексереді және жариялайды.

4.1.7 Оқушыны қабылдау барысында "Білім беру қызметінің көрсетілу келісімшартына" оқуға қабылданушының ата-анасы немесе заңды өкілдің қатысуымен Бас Директор немесе заңды тұлға қол қояды.

4.1.8 Ата-ана немесе басқа да заңды өкілдің тарапынан ұсынылған толық емес немесе мерзімі өткен құжаттар болған жағдайда,күмән тудыратын құжаттар ретінде танылып KAZGUU SCHOOL өз тарапынан құжаттарды қабылдамауға құқылы.