Кембридж ғалымдары жеті жасар баланың бойында басты ақшаға қатысты әдеттер мен дағдылар қалыптастыруға болатынын дәлелдеді . Мәселен, • маңызды сауда үшін қаражат жинай білу, • шығынды алдын-ала жоспарлау қажеттігін түсіну, • «кейінге қалдырылған сыйақы» пайдасын ұғыну. Сондықтан ересектердің міндеті - балаларға неғұрлым ертерек ақшаның не үшін қажеттігін,қалай жұмыс жасайтындығын ұғындыру.
Қаржылық әдеттерді қалыптастыру бойынша бизнес-жаттықтырушы Рашид Жанар Үсенқызының кейбір кеңестері :
✅Балаларға коммуналдық төлемдерді төлетіп үйретіңіз. ✅Супермаркет кассасында бірге төлем жасаңыз ✅Бірлесіп онлайн сауда жасаңыз ✅Үлкен саяхатқа қаржы жинаңыз ✅Қайырымдылықпен бірлесіп айналысыңыз не инвестиция жасаңыз!Кез келген нәрсе жасауға болады!Бастысы, ақша саласы тек ересектерге керекті, «жалықтыратын» , «тыйым салынған» сала болмаса болды.Баланы үрдіске белсенді түрде қосқанда,оның көп нәрсені игеретіндігіне таң қаласыз.