Биылғы оқу жылында елімізде мектептердегі тәрбие берудің бірыңғай бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Бұл ретте бастауыш сыныптар мұғалімі Исмаилова Ардақ Қапарқызы - Абай Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Мағжан Жұмабаев, Спандияр Көбеев, Міржақып Дулатов секілді тұлғаларға арналған тәрбие сағаттарын тұрақты өткізетін шебер ұстаз. «Өлең сөздің патшасы, сөз – сарасы» демекші, поэзиялық шығармаларды оқу жас ұрпақ бойында дүниетаным қалыптастырып, оларға өмірлік құндылықтарының өзекті бағыт-бағдарларын анықтауға мүмкіндік тудырады.
Мұқағали Мақатаев поэзиясы – туған жерге деген махаббатқа тұнған жыр әлемі. 3 сынып оқушылары оның Отан туралы туындыларын оқи отырып, өздері де осы сезім құшағына еніп, ақынның елі мен жеріне деген махаббатын бірге сезінеді: «Отан! Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем, Өмірден бұл өксуменен кетер ем. Құс ұясыз, Жыртқыш інсіз болмайды. Отансыз жан өмірінде оңбайды. Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды. Тірі адамға - сол қайғы! Күн көреді, Әкесіз де, анасыз, Өмір сүрер. Әйелсіз де, баласыз, Ал Отансыз - Нағыз сорлы панасыз? Білесің бе, Отанның сен не екенін? (Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.) Екі Отан жоқ. Жалғыз Отан - мекенің!